Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов тасқын суын өткізуді реттеу үшін Солтүстік Қазақстан облысының су қоймаларын аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда Сергеев су қоймасына 168% су жиналды. 29 наурыздан бастап су қоймасына 610 млн текше метр су келді, 218 млн текше метр су жіберілді. Яғни, 10 күн ішінде су қоймасына шамамен 400 млн текше метрден астам су келді. Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасына секундына 7709 текше метр су келіп жатыр. Төменге жіберу көлемі секундына 3820 текше метр.
Кеше біз Қостанай облысының су қоймаларының, оның ішінде Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларының жұмысымен таныстық. Бүгін біз Солтүстік Қазақстан облысындамыз. Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су көлемі 1 млрд текше метрден асады. Үлкен су ағыны төменге түседі. Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД ескертілді. Бүгінгі таңда министрлік қызметкерлерінің қатысуымен облыста суды қабылдауға қарқынды дайындық жүріп жатыр,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.