Нұрлан Ноғаев: Тұрғындар біздің жайбасарлығымыздан зардап шекпеулері тиіс

2 Қараша 2020, 20:39
1369
Бөлісу:
Нұрлан Ноғаев: Тұрғындар біздің жайбасарлығымыздан зардап шекпеулері тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станцияларының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС жергілікті электр жүктемелерін және Солтүстік Қазақстан біріккен энергожүйесінің жүктемелерін  қамтуға арналған Қазақстан Республикасындағы ең ірі жылу электр станциясы. Ол Қазақстанның барлық электр тұтынуының 20-23% қамтиды. Белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын конденсациялық электр станциясы әрқайсы 500 МВт-тан сегіз энергоблоктармен жабдықталған. Станцияның бірінші энергоблогы 1980 жылы пайдалануға берілді, соңғы сегізінші энергоблок 1984 жылы іске қосылды. Пайдалануға берілген сәттен бастап 1980 жылы электр станциясы 435 877 млн кВТс электр энергиясын өндірді.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ белгіленген қуаты 1000 МВт жылу электр станциясы, құрамында 500 МВт-тан екі энероблогы бар, әрбір энергоблок құрамында ЛМЗ-да шығарылған сериясы ТВВ-500-2ЕУЗ ПО «Электросила» генераторы жиынтығымен К-500-240-4 турбиналары бар, Подольск машина жасау зауытының сағатына 1650 тонна бу шығаратын П-57Р қазандықтары бар.

Тоғыз жарым мың гектар алаңында Шандақсор қолдан жасалған көлдің шығыс жағалауында Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 37 километрден кейін орналасқан.

Бірінші энергоблок 1990 жылғы желтоқсанда, екінші энергоблок 1993 жылғы желтоқсан айында іске қосылды. Пайдалануға берілген сәттен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін «СЭГРЭС-2» АҚ энергоблоктары 137,3 млрд кВтс электр энергиясын өндірді.

Сапарды қорытындылай келе, Нұрлан Ноғаев энергетиктермен әңгіме барысында станцияларды жаңғырту, жабдықтарды жаңарту бойынша барлық жоспарланған жұмыстар белгіленген мерзімде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Станцияларды жаңғырту кезінде жоспарланбаған тұрып қалудың әр күні түпкі нәтижесінде электр энергиясының тарифтеріне жүктеме болуы мүмкін. Тұрғындар біздің жайбасарлығымыздан зардап шекпеулері тиіс. Ел басшылығы, үкімет қаражатты ұтымды жұмсау қажеттілігін тұрақты түрде атап өтеді. Біз ақшаны үнемдей отырып, алдын алуға болатын шығындар мен залалдарға жол бермеуіміз қажет - деді министр.

Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы