Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сапардың басты мақсаты – облыстағы су тасқыны жағдайын тұрақтандыру жұмыстарын үйлестіру. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен су тасқыны жағдайы туралы жедел кеңес өткізді. Облыста су тасқыны қаупі әлі де жоғары.
Облыстың 5 ауданы мен Орал қаласында бірнеше тұрғын үйді, сондай-ақ, Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.