Нұр-Сұлтаннан Баянауылға чартерлік рейстер ашу жоспарлануда

31 Шілде 2022, 16:28
1297
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Баянауылға чартерлік рейстер ашу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер жоспарлануда деп хабарлады  Pavlodarnews.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, демалыс үйлерінің иелеріне сыйымдылығы 9 адамдық Ан-2 ұшағымен Нұр-Сұлтан – Баянауыл және Қарағанды – Баянауыл бағыттарында чартерлік рейстерді орындау мүмкіндігі ұсынылды.

Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға аптасына үш рет, қыста аптасына бір рет тұрақты рейстер жоспарланып отыр, – дейді басқармада.

Қалааралық рейстерден басқа, бүгінгі таңда Баянауылдың үстімен екі-тоғыз орындық ұшақтармен немесе тікұшақпен ұзақтығы 15-20 минуттық экскурсиялар ұйымдастыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы