Нұр-Сұлтанда жастар практикасына мыңға жуық адамды жіберу жоспарланып отыр

28 Қаңтар 2022, 22:33
1917
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жастар практикасына мыңға жуық адамды жіберу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар практикасы» бағдарламасы соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған және 29 жастан аспаған ЖОО мен колледж түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылы «Жастар практикасымен» оқу орындарының 914 түлегі қамтылды, оның ішінде ЖОО түлектері – 750, колледж түлектері – 164.

Биыл 29 жасқа дейінгі 998 жасты аталмыш практикаға жіберу жоспарланып отыр.

«Жастар практикасына» қатысу мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ, ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға да болады: +7 (7172) 72-93-56, +7-777-707-01-99.

Электрондық пошта: nazym_13.6.92@mail.ru.

Байланыс орталығының нөмірлері: 8(7172) 57-88-88; 8(7172) 57- 86-95.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында КВИ ауруы жағдайларының тез өсуіне байланысты 2022 жылғы 19-31 қаңтардан аралығында қызметкерлер үшін толық емес жұмыс уақыты режимі белгіленді. Сондықтан жұмыспен қамту орталығы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Өзгелердің жаңалығы