Нұр-Сұлтанда жасөспірімдердің денсаулығын тексеруге арналған акция өтеді
20 Мамыр, 14:17 429

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдердің денсаулығын тексеруге арналған акция өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамырда №3 көпбейінді қалалық ауруханада балалардың денсаулығын нығайту мақсатында балаларға арналған бірнеше акция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ә.Молдағұлова көшесі, 28 мекенжайындағы аурухананың акушерлік блогында сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін қыз балалар мен жасөспірімдерге әйел денсаулығын нығайту, медициналық тексеру шаралары өтеді. Қабылдауды жоғары білікті гинеколог-дәрігерлер жүргізеді. Ашық есік күні 0-ден 18 жасқа дейінгі қыздарға арналған.

Сондай-ақ 21 мамыр сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін аурухананың дерматологиялық блогында (Республика даңғылы, 50/2 мекенжайы бойынша) тері аурулары бар балаларға (ұлдар мен қыздар) немесе оларды анықтауға бағытталған медициналық тексеру жүргізіледі. Аталмыш акциялар балалар жылы аясында өткізіледі.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін деректерді saule_93_93@mail.ru электрондық мекенжайға жолдауды сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласуыңызға болады: + 7-702-233-76-26, Ақсәуле Бәкір.


Фото: дереккөз
Загрузка...