Нұр-Сұлтанда ұры кеңседен қызметтік ноутбукті ұрлап кеткен

25 Маусым 2022, 14:48
997
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ұры кеңседен қызметтік ноутбукті ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне құрылыс компаниясының иесінен компанияның мүлкі ұрланғаны бойынша арыз түскен.

Кешкі уақытта Қосшығұлұлы көшесіндегі кеңсе ғимаратының жанынан жеке ісімен өтіп бара жатқан елорда тұрғыны техникаларды ұрлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 21 жастағы жас жігітті ұстады.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, кеңсенің есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, үстел үстінде тұрған «Asus» және «Apple MacBook» маркалы қызметтік ноутбуктерді ұрлаған. Содан кейін ол кеңседен техникаларды алып, арзан бағаға сатпақ болған. 

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және үй-жайларда ұрлықтан қорғау шараларының кешенін енгізуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы