Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған балаларды тапты

25 Маусым 2022, 14:33
1363
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған балаларды тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жасағы сағат 22.00 шамасында "Линейный" паркінде тыныштықты қадағалап жүргенде бір ер азамат келіп, көмек сұрайды.

Айтуынша, ол кішкентай қыздың жалғыз жүргенін көрген.

Патрульдік топтың бастығы сержант Ғалымжан Таңатаров, тағылымдамашы-курсант кіші сержант Бейбітжан Оман және қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мейран бұл туралы жақын маңда жүрген барлық әскери жасақтарға хабарлайды.

Осы уақытта 4 жасар егіз қыздардың әжесі Ұлттық ұланның басқа бағытта жүрген сарбаздарынан немерелерінің біреуіе тауып беруін өтініп, көмекке жүгінеді. Кейінірек белгілі болғандай, апалы-сіңлілердің бірін 10 жасар ағасы ертіп жүрген екен, бірақ ол скутермен алысқа кетіп, қарындасын таппай қалған.

Қуанышқа орай, оқиға сәтті аяқталды, ұландықтар шапшаң әрекет етіп, аз уақыт ішінде кейін егіздердің сыңарып тапты. Немересін көрген әже сарбаздарға қырағы қызметі мен жедел көмегі үшін алғыс айтты.

Осы күні елордалық жауынгерлер тағы бір 4 жасар баланы табуға көмектесті. Сағат 20.45 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Владислав Тарасов, патрульші жауынгерлер Тәңірберген Жалғас пен Сергей Феськовқа бейтаныс азаматша жоғалтып алған ұлын табуға көмек сұрайды.

Отбасы Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші маңында серуендеп жүрген, кенет балалардың кенжесі ойын алаңына ойнауға жүгіріп кетеді. Ойын аймағында балалар мен ересектердің көп болуына байланысты, оның қайда бағыт алғанын байқамай қалған.

Ата-анасы өз бетінше іздеудің қиын әрі нәтижесіз боларын түсініп, бірден ұландықтарға жүгініпті. Жауынгерлер өз кезегінде ұлының сипаттамасын алып, шұғыл ақпарат таратады да, көп ұзамай балақайды табады. Сарбаздар мен олардың командирлерінің ұйымдасқан іс-әрекетіне риза болған ата-ана шынайы ризашылықтарын білдірді.

2022 жылдың екінші тоқсанында елорда ұландары оннан астам баланы тауып, туыстарына қайтарған.

Өзгелердің жаңалығы