Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мас жолаушының пәтерін тонап кетті

8 Маусым 2022, 14:25
1163
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мас жолаушының пәтерін тонап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен елорда аумағында жеке тасымалдаумен айналысқан 41 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Полицияға жүгінген қала тұрғыны, бір күн бұрын қонақта болғанын және алкогольдім ішімдік ішкенін айтқан. Сағат 23.00-де ол үйіне жету үшін такси шақырған. 

Көрсетілген мекен-жайға жеткенде такси жүргізушісі клиенттен су ішуді өтінген. Жүргізушімен үйге бірге кірген мас жолаушы пәтерде ұйықтап қалған. Ер адамның жағдайын көріп, жүргізуші ұрлық жасауға шешім қабылдап, пәтерді тінти бастаған. Такси жүргізушісі ұялы телефонды, "Самсунг" маркалы планшетті, 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты олжа қылған. Сонымен қатар, үй иесінің кроссовкалары мен флип-флоптарын да өзімен бірге алып кеткен.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы