Нұр-Сұлтанда полицийлер өзіне-өзі қол жұмсамақ болған азаматты құтқарды

10 Қараша 2020, 17:30
2013
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда полицийлер өзіне-өзі қол жұмсамақ болған азаматты құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада полиция қызметкерлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған азаматты құтқару операциясын ұйымдастырды, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

«102» арнасына сағат 14.25-те Жансүгіров көшесіндегі жылу жолының аркасында ер адамның отырғаны және өзіне-өзі қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Құрамында полиция аға лейтенанты Руслан Абдықалықов және полиция лейтенанты Ролан Атабаев бар патрульдік полицияның экипажы оқиға орнына бірінші келген. 

Аркада май күйде отырған ер адамды көреді. Ол төменге түсуден үзілді-кесілді бас тартқан. Жарты сағатқа созылған құтқару операциясы барысында ер адамның ғашық екендігі анықталды. Осылайша, ол жақсы көретін қызының назарын өзіне аударғысы келген.

Оқиға орнында ТЖ қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Ер адамның және құтқарушыларды құлап кетуден сақтау үшін құтқарушылар үрленген құтқару жастығын арканың астына төсеген.

Полиция қызметкерлері жігіттің туыстарымен телефонмен хабарласып, олар арқылы төменге түсуге көндіргісі келген, бірақ нәтижесіз болып шықты. Кейін оған жылу жолының құбыры арқылы жақындаған. Инспектор Руслан Абдықалықов оны секірер алдында қолымен ұстап қалып, құтқару батутына екеуі бірге құлаған. Сонымен қатар, адамды құтқаруда полиция қызметкерлеріне Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының санитары Жандос Сапаров көмек көрсеткен. МӘОО жатқызылған 27 жастағы жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді, - делінген мәлімдемеде.
Өзгелердің жаңалығы