Нұр-Сұлтанда полицейлер «жалдамалы кісі өлтірушіні» ұстады

1 Шілде 2021, 01:25
2709
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда полицейлер «жалдамалы кісі өлтірушіні» ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала маңайындағы ауылдың тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, өзінің қонақ үйде екенін және қолында гранатасы бар жалдамалы кісі өлтіруші екенін мәлімдеген, деп хабарлайды елордалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Тексеріс барысында полиция қызметкерлері қауіпті және тыйым салынған заттарды таппаған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде граната туралы хабарлаған адам ұсталды. Ол мас күйдегі 40 жастағы ер адам болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны және полицияда тіркеуде тұрғаны анықталды. Айтуынша, ол қонақ үйде таныс әйелмен ішімдік ішкен. Әйелдің алдында өз-өзін көрсету үшін полицияға хабарласып, жауынгерлік граната туралы айтқан.

Аталмыш факті бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Елорда полицейлері жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны туралы азаматтардың есіне салады.

Өзгелердің жаңалығы