Нұр-Сұлтанда полицейлер синтетикалық есірткі сатқан 21 жастағы жігітті ұстады

1 Тамыз 2021, 20:25
4534
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда полицейлер синтетикалық есірткі сатқан 21 жастағы жігітті ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полицейлері синтетикалық есірткіні өткізген 21 жастағы жігітті ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2021» ЖПІШ шеңберінде полицейлер елорда аумағында есірткі және психотроптық заттарды өткізумен айналысатын адамдарды анықтау және олардың іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған мақсатты жұмыс жүргізуде. 

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында теміржол вокзалында есірткіні өткізгені үшін 21 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту барысында электронды таразы, есірткіні буып-түюге арналған 350 дана полиэтилен пакеті, 255 000 теңге ақшалай қаражат, сонымен қатар, өткізуге дайындап қойған синтетикалық есірткі тәркіленді. 

Тәркіленген есірткі 90 рет қолданылатын дозаға буып-түйілген. Оны күдікті қала аумағында өткізбекші болған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктіге ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылуда. 

Күдікті Нұр-Сұлтан қалалық ПД УҰИ қамауға алынды.



Өзгелердің жаңалығы