Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда

14 Қазан 2021, 14:14
9768
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт барлығына қолжетімді болады. Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» атты жаңа жоба бастау алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жоба қала тұрғындарын спорттың 11 түріне үйретеді, онда 8 жерде 84 нұсқаушы сабақ өткізеді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, сол сияқты қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен барлық сабақ тегін өтеді. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда

Сабақтар 6 саябақ пен 2 скверде мынадай спорт түрлері бойынша өткізіледі: жүгіру, каратэ, скандинавиялық жүріс, асық ату, стритбол, бадминтон, фитнес, зумба. Сабақтар апта сайын сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Қолжетімді спорт түрлерінің бірі - асық ату ұлттық ойыны. Оған кез келген жастағы тұрғындар қатыса алады. Бұл - ұлттық спорт түрі, оны алты жастан асқандар ойнай алады, - деді Нұр-Сұлтан қаласының «Асық ойыны» федерациясының президенті Ескендір Рахметов.
Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда

Айта кету керек, жоба Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді. Бағдарламалық құжатта Президент дене шынықтыруды дамытуға ерекше назар аударып, бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның салтанатты ашылуы өткен демалыс күндері Астаналық саябақта «World Class Green» фитнес-орталығының фитнес-нұсқаушылары мен «Azimuth» спорт клубы спортшыларының көрсетілімдері өтті. Сонымен қатар саябаққа келген демалушылар арасында асық ату ойыны бойынша жаттығулар өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы