Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтыру өршіп барады

22 Қаңтар 2021, 16:18
1114
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтыру өршіп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда жақында эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл аймаққа» өтті. 

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың ақпаратына сәйкес, COVID-19 инфекциясының апталық өсімі байқалады. 

Індеттің өсуі - қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды бұзуымен байланысты. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек. 

Санитарлық шаралар сақталмаса жағдай кез келген уақытта нашарлауы мүмкін. 

Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауруға шалдығуымыз тікелей өзімізге байланысты. Мұны есте сақтау қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз». Дегенмен, тұрғындар медициналық бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар өткізбеу, адам көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу сияқты қарапайым ережелерді бұлжытпай сақтайтын болса, қатаң шаралар қабылдау туралы ойымыздан бас тартуымыз мүмкін, - деді елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Өзгелердің жаңалығы