Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзған

8 Тамыз 2021, 20:05
4315
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандарының карантинді сақтамауын анықтау және жолын кесу жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар 100-ден астам мекемені тексеріп, шектеу шаралары ондаған мекемеде бұзылғанын анықтайды. Тәртіп бұзушылар тізіміне маска тағу режимі, әлеуметтік қашықтық, жұмыс тәртібі сақталмайтын қоғамдық тамақтану нысандары жиі ілігеді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жұма күні 6 тамызда карантин режимін бұзғаны үшін 14 кәсіпкерлік нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзған

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін «ШашлыкоFF» гриль-бары, Chechil pub және Totem барлары, Velluta мейрамханасы, Baoli лаундж-бары келушілерді қабылдауды жалғастырды.

Сарыарқа ауданында «Маман» мейрамханасы, Global cofee кофеханасы, «Пинта» және Astana Rock Cafe барлары тиісті талаптарды сақтаған жоқ.

Алматы ауданында орналасқан «Белес» мейрамханасында, «Узбекский двор 8», «Киш Миш», «Лото клуб» кафелерінде жұмыс тәртібі сақталған жоқ.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзған

Ал Байқоңыр ауданындағы Barrus түнгі клубы карантиндік шектеулерді елемей, жұмыс істеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзған

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша бес айдан бері «қызыл» аймақта тұр. Коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда, күн сайын 1200-1300-ге жуық науқас анықталады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығын және өзгелерді сақтау үшін санитарлық нормаларды және шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы