Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 тамыз күні «101» пультіне сағат 03:49 Байқоңыр ауданындағы Алаш көшесінде орналасқан "Big Шанхай" базарында өрт шыққандығы туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Өрт сөндірушілер сағат 03:57 оқиға орнына жетті. «Ярмарка» павильонындағы халық тұтынантын тауарлар жанған. Жалпы 30 бутик өртенген. Өртті сағат 04:35 тоқтатып, сағат 05:08 толық сөндірген. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіру үшін елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 12 техникасы мен 44 адам жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.