Нұр-Сұлтанда әйел 16-қабаттан секіріп кетті

16 Маусым 2022, 06:29
1498
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда әйел 16-қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты, - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы