Нұр-Сұлтанда «Абай әлемі» кітап көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтанда «Абай әлемі» кітап көрмесі ашылды
391

Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қала тұрғындары ақынның поэтикалық және философиялық мұрасын, абайтанушы ғалымдардың еңбектерін және ұлы ойшылдың шығармаларының аудармаларын оқып шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көрмеге ақынның 50-ден астам кітабы қойылды.

Абайдың әдеби еңбектері ылғи да дүкен мен кітапхана сөрелерінің төрінде орналасады. Ақынның шығармалары Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Бұл жерден құнды кітаптарды табуға болады. Арасында Анатолий Ким аударған ақынның «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы, Теймур Атаевтың «Абайдың ұлылығы немесе XXI ғасырдағы ойшылдың портретін жасауға талпыныс», Құлмат Өмірәлиевтің «Абай афоризмі», Дүкенбай Досжанның «Абайдың рухы» секілді кітаптар бар. Оқырмандар осы және өзге де кітаптарды кітапхана залында отырып оқуға немесе өзімен бірге үйіне алып кетуіне болады. Біздің кітапханашылар күн сайын әлеуметтік желілерде пост жазып, жаңа басылымдар туралы хабардар етеді, – деді кітапханашы Анар Әкімбекова.

Сонымен қатар оқушылар көрмеде өлең оқып, ән шырқады, ал жұртшылық Абайдың шығармашылық жолының басты кезеңдері туралы білімін арттырды.

Мен «Сегізаяқ» өлеңін оқыдым, онда автор адамның бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Абайдың шығармашылығын зерттеуден ләззат аламын. Онда адамның өзін-өзі дамыту туралы терең ойлар қамтылған. Сондай-ақ ақынның философиялық шығармаларында алға ұмтылу, Отанға деген сүйіспеншілік дәріптеледі, - деп қорытындылады мектеп оқушысы Айғаным Сатан.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы