Нұр-Сұлтанда 136 миллион теңгеге мұз айдыны салынбақ

25 Тамыз 2021, 02:50
2358
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 136 миллион теңгеге мұз айдыны салынбақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында мұз айдыны салынып, оған 136 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл жайында мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

Тапсырыс беруші – «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – эстетикалық безендіру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – ғимараттарды, құрылыстарды, қоғамдық және басқа да орындарды қысқы кезеңге дайындау жөніндегі қызметтер; жоспарлы сомасы – 135 714 285,71, – делінген лот сипаттамасында.

Өтінімдерді алдын ала қабылдау 24 тамыз 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, 1,8 мың шаршы метр алаңды мұз айдынын құюға дайындау, оған ары қарай күтім жасау жұмыстары жасалуы тиіс.


Өзгелердің жаңалығы