Нұр-Сұлтанда 102 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе алды

7 Қараша 2020, 18:40
1466
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 102 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 101 950 адам БМСК ұйымдарында тұмауға қарсы вакцина алды, осылайша 100% халық қамтылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұмауға қарсы екпе ұлттық екпе күнтізбесіне кірмейді, бірақ жыл сайын жергілікті бюджеттен сатып алынады. Биыл халықты вакцинациялау үшін 110 мың доза сатып алынды.

Әдетте, тегін вакцинация тобына мына санаттағы азаматтар кіреді:

- созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;

- медицина қызметкерлері;

- жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);

- жабық үлгідегі мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп интернаты);

- мүгедектер, ересектер және созылмалы аурулары бар балалар;

- 60 жастан асқан қарт адамдар.

Елордада тұмауға қарсы вакцинация науқаны қыркүйектің 10-ында басталып, 15 қазанға дейін созылды.

Дәстүрлі түрде екпе қазан-қараша айларында жүргізіледі. Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты маусымдық аурулар кезеңіндегі жағдай күрделене түсуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін вакцинацияны алдыңғы жылдарға қарағанда ертерек бастау керек болды. Бұл өз нәтижесін берді, - деп атап өтті БМСК басқармасының бөлім басшысы Әлия Өмірзақова.

Өзгелердің жаңалығы