Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағыты бойынша рейстер саны екі есеге артады

25 Шілде 2022, 15:29
1200
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағыты бойынша рейстер саны екі есеге артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау облысының азаматтары мен Әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштеріне, сондай-ақ  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында  ИИДМ Авиация комитеті «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясымен жұмыс жүргізді.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Осылайша 15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратынын хабарлады.

ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы