Нұр-Сұлтан мен Ұлан-Батыр екіжақты ынтымақтастықты талқылады

14 Қазан 2020, 19:45
1273
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Ұлан-Батыр екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бейнеконференция режимінде Қазақстан мен Моңғолия арасында кезекті сімаралық саяси консультациялар өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар 2019 жылы қазанда Моңғолия Премьер-министрінің Қазақстанға жасаған ресми сапары қосымша серпін берген екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Іс-шара барысында нығайып келе жатқан сауда-экономикалық іс-қимылға ерекше мән берілді. Сыртқы саяси мекемелердің өкілдері биыл Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын өткізу маңыздылығын растады. Бұдан басқа, екі ел арасындағы шарт-құқықтық негізді одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Консультация аясында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ұмтылысты растады. Қазақстан тарапы Моңғолиядағы этникалық қазақтарға көрсетіліп отырған қолдау үшін моңғол тарапына алғыс білдірді.

Біздің еліміздің көпжақты форматта, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралар кеңесі, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық ұйым және т.б. шеңберінде өзара іс-қимыл жасау мәселелері келіссөздердің бөлек тақырыбы ретінде талқыланды. Дипломаттар халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау үрдісін жалғастыру, сондай-ақ халықаралық сахнадағы Нұр-Сұлтан мен Ұлан-Батырдың бастамаларына елдердің белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға ҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Н.Арыстанов, Моңғолиядағы ҚР Елшісі Ж.Әділбаев, Моңғолия СІМ Азия және Тынық мұхит департаментінің директоры Э.Сарантогос, сондай-ақ ҚР-дағы Моңғолия Елшісі Л.Баттулга қатысты.

Өзгелердің жаңалығы