Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық 109 IKomek жедел қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, ауа райының бұзылуына байланысты елордадан Атбасарға апаратын жол жабылған.
Сондай-ақ бүгін, 21 наурыз, сағат 11.00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1247-1003 шақырым аралығында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған. Оған ауа райының аяқ астынан бұзылуы, бұрқасын, боран, жолдың көрінбеуі себеп болып отыр Бұл жол учаскесі Нұр-Сұлтан қаласынан Атбасар қаласына дейінгі аралықты қамтиды.