Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды.
Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өз жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірлерінен онлайн форматта 389 делегат қатысып жатыр, - деп жазды Ақорданың Twitter-дегі парақшасы.
Съезге бейнеконференц байланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысып жатыр.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады:
1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.