«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Әлихан Смайыловпен кездесті

17 Ақпан 2022, 12:05
1049
Бөлісу:
«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Әлихан Смайыловпен кездесті

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ.  «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесті. Бұл туралы Асхат Оралов facebook-тегі парақшасында жазды.

Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы