Nur Otan-ның XXII Съезіне 399 делегат сайланды

23 Ақпан 2022, 18:53
1326
Бөлісу:
Nur Otan-ның XXII Съезіне 399 делегат сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің барлық өңірінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды. 

Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Nur Otan Съезі 1 наурызда өтеді.

Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр.

Съезд онлайн форматта өтеді.

Өзгелердің жаңалығы