Nur Otan елорда саябақтарында санитарлық талаптардың орындалуын тексерді

22 Шілде 2020, 15:10
1013
Бөлісу:
Nur Otan елорда саябақтарында санитарлық талаптардың орындалуын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының мүшелері Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық орындарға, атап айтқанда, саябақтар мен бақтарға тағы да рейд жүргізді.

Мониторингтің басты мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтарының санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау. 

Рейд жүргізуге Jas Otan Жастар қанатының мүшелері, белсенді партиялықтар және БАҚ өкілдері атсалысты. 

Партия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданына үнемі тексеріс жүргізіп тұрады. Бұл - бір рет қана атқарылатын акция емес. Карантин енгізілген кезден бастап қоғамдық орындарды қадағалап келеміз. Біздің бұл жұмысымыз коронавирус инфекциясыммен күреске септігін тигізеді деген үміттеміз. Рейд жұмысына құқық қорғау органдары қызметкерлерін қатыстырмаймыз. Біздің мақсатымыз – жазалау емес, адамдарға жағдайды түсіндіру және көмектесу, – дейді Nur Otan партиясы Есіл аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мархат Касымов. 

Тексеріс барысында 150-ден астам қорғаныс маскасы және аурудың алдын алуға қатысты ескертпелер жазылған кітапшалар таратылды.

Өзгелердің жаңалығы