Синоптиктер бүгін, 26 маусым күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
OpenWeather синоптиктерінің зерттеуінше, бүгін Алматыда нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,3 м/с.
Астанада да жаңбыр жауады деп болжануда. Күндіз ауа температурасы +18 градусқа дейін жетеді, ал түнде +12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 7,4 м/с.
Шымкентте жаңбыр жаумайды. Күндіз термометр бағандары +32 градусқа дейін көтеріледі, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,8 м/с болады.
Айта кетейік, 26 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауы күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, облыстарда найзағай, бұршақ және қатты жел болуы мүмкін.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанатынын жариялады.