Қаладағы жауын-шашын салдарын жою жұмыстары, яғни су айдау жұмыстары сағат 13:50-де аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап 3000 текше метрден астам су сорылды. Қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстарға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен техникасы - Павлодар облысы ТЖД, оның ішінде мотопомпалар мен сорғы станциялары жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салсақ, 7 шілдеде қатты жауын-шашынның салдарынан Павлодар қаласында ашық аумақты: жолдың жүретін бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басқанын хабарлағанбыз.