Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылғы 23 маусымда қысқа мерзімді және нөсерлі жаңбырдың салдарынан Алматы облысының Кеген ауданында жаңбыр суларының көлбеу ағысы орын алды, нәтижесінде Түменбай ауылындағы Ақшоқы көшесінде су 11 үй аула учаскесінен өтті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, нөсер жаңбыр салдарына қаза болғандар, зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су алу болған жоқ.
Сонымен қатар, Көлсай көліне шығатын жолмен тоғысатын "Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш – Саты-Құрметті" республикалық автожолында жүріс бөлігі арқылы су құйылып, қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, автокөлік қозғалысы штаттық режимде жүріп жатыр, жол қызметтері жол белгілерін орнатып, жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
"Қазгидромет" РМК 20.06.2022 жылғы дауылды ескертуіне сәйкес тауларда қатты жауын-шашын болжамына байланысты 2022 жылғы 21-23 маусым кезеңінде Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өзендерде көлбеу ағын қалыптасуы және су деңгейінің көтерілуі күтілуде,-делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауға, ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.