Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды

Бөлісу:
Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды
Фото: gov.kz

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі.

Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.

Өзгелердің жаңалығы