Ноғаев қандай сауда-саттыққа қатысқандарын айтты

9 Ақпан 2021, 10:23
1436
Бөлісу:
Ноғаев қандай сауда-саттыққа қатысқандарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан компаниялары электрондық форматта өткізілген жаңартылатын энергетика жобаларына байланысты халықаралық аукциондық сауда-саттыққа қатысқан. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында айтты.

Жиынтық қуаты 1,5 ГВт жаңартылатын энергетика жобалары үшін 2018-2020 жылдардағы халықаралық аукциондық сауда-саттық электрондық форматта өткізілді. Соның ішінде 25 аукцион сәтті өткізілді. Мысалға айтатын болсақ, 2018 жылы – 13 аукцион, 2019 жылы – 6 аукцион, 2020 жылы – 6 аукцион болды. Сауда-саттыққа 12 елден, яғни Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Малайзия, Испания елдерінен 172 компания қатысты, - дейді Ноғаев. 
Оның айтуынша, «Аукциондық жүйе «жасыл экономика» қағидатына сәйкес жүзеге асырылатын жобалар бағасының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. 
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 58 компания жаңартылатын энергия көздері электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (Қаржы-есеп айырысу орталығымен) жиынтық қуаты 1219 МВт-қа 15 жылға арналған келісімшарттарға қол қойды. Жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі күн электр станциялары үшін – 64%, жел электр станциялары үшін– 30% және гидро электр станциялары үшін 19 пайызды құрады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы