Ноғаев дала жұмыстарын жүргізуге дизель отыны қалай жеткізілетінін түсіндірді

30 Наурыз 2021, 09:37
1521
Бөлісу:
Ноғаев дала жұмыстарын жүргізуге дизель отыны қалай жеткізілетінін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы тақырыбы талқыланған Үкімет отырысында айтты.

2021 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі АШМ-мен бірлесіп, дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесін әзірледі. Осы кесте аясында ауыл шаруашылығы тауарының өндірушілеріне арналған қажеттілік 380 мың тонна көлемінде бекітілді, - деді Ноғаев. 

Министр атағандай, ақпан айына жоспарланған 16,6 мың тоннаның 14,8 мың тоннасы, яғни 90 пайызы тиеліп, жөнелтілді. 

Наурызда жоспарланған 115,7 мың тоннаның 43 пайызы тиеліп, жөнелтілді. Сәуірде 100,7 мың тонна, мамырда 100,4 мың тонна, маусымда 15 мың тонна тиеліп, жөнелтілу жоспарлануда. Тиеп жөнелту жасалған төлемге сәйкес жүргізіледі. Павлодар мұнай-химия зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы 3174 теңгені құраса, Атырау мұнай зауытында 3172 теңгені құрайды, - деді ол. 

Ноғаев ауыл шаруашылығына арналған дизель отынының құнын жанар-жағармай нарығына қатысушылар анықтайтынын айтты. 

Оның құнын мұнай өнімдерінің ресурс иелері өз еркімен белгілейді. Министрліктің есебі бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының өндірушілері үшін дизель отынының бағасы автожанармай құю станциясының бөлшек сауда бағасынан 10-15 теңгеге төмен болады, - деді Ноғаев.

Өзгелердің жаңалығы