Армения үкіметінде тоғызыншы шақырылымдағы парламенттің жұмысы басталуына байланысты отставкаға кетер алдындағы соңғы отырыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
Премьер-министр Никол Пашинянның айтуынша, жексенбіде үкіметтің қазіргі құрамы өз өкілеттігін тоқтатады.
«Бұл – үкіметіміздің осы құрамдағы соңғы кезекті отырысы. Конституцияға сәйкес, біз жексенбіде отставкаға кетеміз. Одан кейін республика президенті парламенттік көпшілік сайлаған кандидатты премьер-министр етіп тағайындайды. Демек, осы құрамда біз соңғы рет кездесіп отырмыз», - деді ол.
Пашинян министрлер кабинетінің мүшелеріне бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты. Ол олардың бір бөлігі парламент депутаты ретінде жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
Арменияда 7 маусымда парламент сайлауы өтті. Заң шығарушы органның жаңа құрамы 2 тамызда жұмысқа кіріседі.
Республика Конституциясының талаптарына сәйкес, осыған байланысты қазіргі үкімет отставкаға кетуі тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады.