Нигерияда қызылша індетінен қырықтан астам адам көз жұмды

5 Мамыр 2024, 03:15
1815
Бөлісу:
Нигерияда қызылша індетінен қырықтан астам адам көз жұмды
Фото: afrinz.ru

Нигерияның солтүстік-шығысында жайылған қызылша індетінен 42 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Адамава солтүстік-шығыс штатында бір апта ішінде қызылшадан 42 өлім тіркелген.

Қызылша – ауа-тамшы жолымен жұғатын өте жұқпалы вирус. Оған негізінен 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қауіпті дерттің алдын қосдозалы вакцинамен алуға болады.

Адамаваның денсаулық сақтау комиссары Феликс Тангвами қызылшаның көбеюі негізінен аумақтағы екі ауданда болған.

Бұл аудандарға қызылшаға қарсы екпе жеткізілді және біздің далалық топ жағдайды бақылауда ұстайды, - деді ол.

Нигерияның көптеген солтүстік штатында қауіпсіздің болмауы себепті вакцинациялау науқандары уақытылы өткізілмейтінін айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы