Нигерде табиғи апат салдарынан 131 адам қаза тауып, 133 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Anp.ne агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, елдің азаматтық қорғаныс және табиғи апат салдарын жою басқармасы су тасқыны 32 мыңнан астам үй шаруашылығына шығын келтірді деп отыр.
Сондай-ақ 51 адам суға батып, тағы 80 адам үй-жайлардың құлауынан көз жұмғаны айтылуда. 27 мыңнан астам үй-жай мен тұрғын үйдің су астында қалып, құлағаны белгілі болды. Су тасқыны жүздеген дүкен мен ғимараттарды шайып кеткен.
Су тасқынына ел астанасы Ниами қаласы мен сегіз өңірде тоқтаусыз жауған нөсер жаңбыр себеп болған.
Әдетте Нигерде нөсер жаңбыр маусымы маусым айынан басталып қыркүйекке дейін жалғасады.