Нидерланд Голландия атауынан ресми түрде бас тартты

2 Қаңтар 2020, 14:48
4110
Бөлісу:
Нидерланд Голландия атауынан ресми түрде бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Голландия" атауы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде Нидерланды мемлекетінің атауы мәртебесінен алынып тасталды. Яғни, Нидерланд елі Голландия атауынан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы Ria.ru сайтында хабарланды. 

Енді жергілікті билік, университеттер, жеке компаниялар мен баспа басылымдары "Нидерланды" атауын қолдануы керек. Үкімет мұндай шара елге есірткі мен жезөкшелікпен байланысты қалыптасқан имиджден арылуға мүмкіндік береді деп санайды.

Сондай-ақ, ел билігі бұл шешім туристік ағымды қайтадан қалыптастырады деп санайды. Өйткені бүгінгі күні шетелдіктердің көпшілігі тарихи Голландияға - Амстердам, Харлем мен Гаагаға барады және бұл қалалар туристер ағымына төтеп бере алмайды.

Ел атауын өзгерту үшін корольдік бюджет 200 мың еуро шығын шығарады. 

Бұл елдегі билік Голландия десе дүние жүзіндегі жұрттың көз алдына есірткі мен "қызыл шамдар" көшесі елестейтінін ескеріп, ребрендинг жасауды ұйғарған. 

Айта кетейік, мұнан былай барлық халықаралық және ауқымды іс-шараға бұл ел тек Нидерланд деген атаумен қатысады. Нидерланд атауын қолдану әсіресе ұлттық құрама мен Токио Олимпиадасына баратын командаларға қатысты болмақ.

Өзгелердің жаңалығы