Астанада медициналық әзірлемелер мен бейнеқауіпсіздік құрылғыларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шара NURIS Nazarbayev University-нің Инновациялық кластерінде өтті. Онда «NURIS Hardware Challenge 3.0» бағдарламасы аясында іске асырылған 12 инновациялық жоба таныстырылды.
Байқаудың мақсаты - биология және химия бойынша мектеп жиынтықтарын, сондай-ақ медициналық әзірлемелер мен бейнеқауіпсіздік жүйелері саласындағы құрылғыларды әзірлеу. Байқауға қатысқан 97 жоба ішінен үздік деп танылған 12 команда өз жобаларын қорғады.
Қатысушылар 3 санат бойынша сайысқа түсті. Олар нейрохирургия және бейнеқауіпсіздік жүйелері саласында түрлі құрылғылар жасаған.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар демеушілер ұсынған қаражаттарды бөліп алды. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар мен жолдамалар ұтып алды.
"Казинтертех-СП" тапсырысы бойынша:
1-орын - DamChem - Fab Lab-қа 1 жылдық жолдама
2-орын - NoMadEd - Fab Lab-қа 6 айға жолдама
3-орын - Wave - Fab Lab-қа 3 айға жолдама
3-орын - Microlite - Fab Lab-қа 3 айға жолдама
"IHT Central Asia" компаниясының тапсырысы бойынша:
3-орын - Ida Tech - 300 000 теңге
3-орын - BrainAi - 300 000 теңге
2-орын - SpaceLab 500 000 теңге
1-орын - Vessel 1 млн теңге
"KazDream Special Systems" компаниясының тапсырысы бойынша:
1-орын - ISafeTech - 1 млн теңге
2-орын - Leo – 600 мың теңге
3-орын - IndustriGate – 400 мың теңге