Жаңалықтар
-
-
Ақмола облысының шалғай ауылдарында 3000 адам тексерістен өткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бурабай ауданы «Медицина жанымызда» республикалық акциясына қатысуда. Әр түрлі сала мамандарынан тұратын мобильді медициналық кешен ауданның шалғайдағы ауылдары арқылы өтуде.
03.06.2019
-
Түркістанда туристерге арналған электр автобустар жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қытайлық «BYD» компаниясының өкілдері арасында Түркістан қаласында шоғырланған тарихи-мәдени орталықтарға туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік ендіру мәселесі бойынша кездесу өтті.
03.06.2019
-
Президент «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Жамбыл өңіріне барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
03.06.2019
-
9 жасар қыз «Хан Шатырдағы» бассейнге батып, қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 11:30 шамасында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club демалыс орнының бассейнінде 2010 жылы туған оқушы қыз суға батып кетті, деп хабарлады «Хабар 24».
03.06.2019
-
Елордада көркемсурет мектебі түлектерінің көрмесі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектері дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылады.
03.06.2019
-
Премьер-лига: Эсеола мен Эппель жұбы жарап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті.
03.06.2019
-
Елордада ҰОС ардагері өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер кеңесі 2 маусым күні Ұлы Отан соғысының ардагері Тұқпат Бакишевтің 93 жасында өмірден өткенін хабарлады.
03.06.2019
-
Нығматулин Чехияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рудолф Гиклді қабылдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.06.2019
-
Премьер-лига: «Астана» әзірге бірінші орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында елордада «Астана» мен «Жетісу» кездесті.
03.06.2019
-
«Студенттер үйі» республикалық акциясы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жоба аясында «Студенттер үйі 2:0» акциясының таныстырылымы өтті.
03.06.2019
-
Еліміздегі үздік отбасы «Мерейлі отбасы-2019» байқауында анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
03.06.2019
-
Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасында болды
Тараз, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.06.2019
-
Бәсекелестікке қабілеттілікті одан әрі арттыру қажет – Тоқаев
Тараз, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.06.2019
-
Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 2-нен 5-не дейінгі мерзімде жөндеу жұмыстарына байланысты Көктал көшесінен бастап Тамшалы көшесіне дейінгі учаскеде М. Дулатов көшесі бойында автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
03.06.2019
-
Премьер-лига: «Тобыл» сенімді түрде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Қостанайда «Тобыл мен «Шахтер» кездесті.
03.06.2019
-
«Алтын жебе» І Әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында өткен «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты аяқталды. Қазақ мергені Ералхан Айкөз тұңғыш Әлем чемпионатының чемпионы атанды.
03.06.2019
-
Премьер-лига: «Қайсар» төртінші орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Қызылордада «Қайсар» мен «Ертіс» жолықты.
03.06.2019
-
Шалғай аймақ тарихында алғаш рет жел электр станциясы пайдалануға берілді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Баламалы қуат көзін өндіруге бағытталған жоба құны 800 млн теңге. Бұл станция Түпқараған ауданына қарайтын Ақшұқыр ауылын басы бүтін, сондай-ақ елді мекенге іргелес қонған өндіріс орындарын да электр қуатын жабдықтауға қауқарлы.
03.06.2019
-
Қызылорда облысында сүтті қайта өңдеу өндірісі дамып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сүт кешені және сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
03.06.2019
-
Премьер-лига: «Ордабасы» қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Шымкентте «Ордабасы» мен «Оқжетпес» кездесті.
03.06.2019
Наверх