Жаңалықтар
-
-
Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
11.04.2019
-
Талдықорғанда дүниеге келген үшемге 3 бөлмелі үйдің кілті берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта Бауберіковтер әулетінде дүниеге келген үшемнің отбасына үш бөлмелі тұрғын үйдің кілті сыйға тартылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
11.04.2019
-
Төсек тартып жатсам да сайлауда дауыс бердім – қоғамдық бірлестік төрайымы
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбедегі мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғындарды маусымда өтетін Президент сайлауында бірауыздан дауыс беруге шақырды.
11.04.2019
-
Функцияларды бәсекелес ортаға беру тәсілдері айқындалған заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орталық және жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
11.04.2019
-
Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ғылым-білім-өндіріс ықпалдастығының нәтижесінде Қазақстанда тұңғыш рет түйенің бұқтырылған етінен жасалған консервілер өндіретін шағын зауыт іске қосылды.
11.04.2019
-
Тоқаев Ақтауға ресми сапармен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook парақшасында жазды.
11.04.2019
-
Павлодар облысында иісшіл иттердің көмегімен 160 қылмыстың беті ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қызметтік иттер марапатталды. Полицейлердің серігіне айналған төрт аяқтылар төсбелгілерге ие болды.
11.04.2019
-
Суданда әскери төңкеріс болып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның al-Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, Судан армиясы бейсенбі күні шұғыл жиналыс өткізіп, ел президенті Омар аль-Баширді орнынан қуып, үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарған. Бұл туралы РИА Новости порталы жазады.
11.04.2019
-
Қазақстанда тіркелген 58 вакцинаның басым көпшілігі Еуропадан жеткізіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Егер адам екпе қабылдаралдында тұмаумен немесе басқа да аурумен сырқаттанып жүрсе екпе теріс әсер етеді. Бұл туралы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Арнұр Нұртаев Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
11.04.2019
-
Тоқаев ресейлік университеттің ректорын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады.
11.04.2019
-
Ақмолалық жастар сайлауда белсенді болуға шақырды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда саяси партиялар, жастар, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауын қолдау жөніндегі «Намыс» саяси клубының басқосуы өтті.
11.04.2019
-
Депутат өнер мен спортта жетістікке жеткендерді кешенді тестілеуден босатуды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Бақтиярұлы ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықоваға жолдаған сауалында колледж түлектерін өнер мен спорт саласындағы жеткен табыстарына сәйкес кешенді тестілеуден босатуды сұрады.
11.04.2019
-
Елбасының Еуразиялық бастамасына 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Идеядан - шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
11.04.2019
-
ҰЭМ басшысы өз еркімен қызметінен кеткен Жұманғаринге табыс тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әріптесі, жақында ғана қызметінен босатылған бұрынғы вице-министр Серік Жұманғаринге табыс тілейтінін айтты.
11.04.2019
-
ШҚО-да еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынбақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда өткен үшжақты комиссия отырысында 2019 жылы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылын» өткізу бойынша Жол картасы бекітілді. Бұл жөнінде бүгін ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.
11.04.2019
-
Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.
11.04.2019
-
Жайық-Каспий бассейніндегі арналар түбі тереңдетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Жайық-Каспий бассейнінде балық қорларын заңсыз аулауға қарсы күрес бойынша аймақтағы қабылданған шаралар туралы ақпарат тыңдалды.
11.04.2019
-
Байқоңыр қаласында мемлекеттік органдардың жаңадан 10 бөлімшесі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы нормалардан тұратын заң жобасы ратификацияланды.
11.04.2019
-
Ұлы Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынамын – Бас мүфти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері" атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ұлы Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынды.
11.04.2019
-
Байқоңыр қаласын Ресейге жалға беру мерзімі аяқталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы зымыран ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру мәселесін көтерді.
11.04.2019
Наверх