Жаңалықтар
-
-
Сайрамдық шаруа қожалықтардың жұмыстары жанданып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданында жаздық маусымда жиналатын көкөніс пен жеміс-жидек кезінде сатылымға шықты. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент, Қарамұрт Ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, көкөністерді саудаға шығару жағдайымен танысты.
25.05.2020
-
"Бір жылға қоян терісі де шыдайды". Ал тауық "терісі" ше?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 жастағы индонезиялық жас кәсіпкер Nurman Farieka Ramdhany тауық аяғының терісінен былғары аяқ киім тігіп, оларды 35 доллардан 140 долларға дейінгі бағада сатады. Жас кәсіпкер осы мақсат үшін 6 адамнан тұратын команда жинаған, деп жазады Massaget.kz.
25.05.2020
-
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
25.05.2020
-
Бұл - әлемнің көптеген еліндегі әлеуметтік саясаттың маңызды индикаторы – заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.
25.05.2020
-
Саяси партиялар қалада отырмай, ауылға дейін жетуі керек – Айдос Сарым
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Сайлау және саяси партиялар туралы" ҚР заңына түзету енгізу саяси белсенді азаматтарға саясатқа араласуға мүмкіндік беру, азаматтардың белсенділігін арттыру үшін жасалып отыр. Бұл туралы саясаттанушы Айдос Сарым тілдесу барысында айтты.
25.05.2020
-
Тоқаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.05.2020
-
Қазақстанда 106 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 106 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
25.05.2020
-
Кеңес медициналық мекемелердің проблемасын қадағалайды – Nur Otan
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмыс тобы еліміздегі ең өзекті мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын.
25.05.2020
-
Жаңа заң жастардың қоғамдық-саяси өмірге толық қатысуына әсер етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент қол қойған "ҚР Сайлау туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңдарына қатысты Республикалық нотариалдық палатаның төрағасы Әсел Жанабілова өз пікірін айтты.
25.05.2020
-
"Сайлау" және "Саяси партиялар туралы" заң жобаларының алты ерекшілігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі құқықтанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов бүгін президент қол қойған заңдарға қатысты пікір білдірді.
25.05.2020
-
Теңіз кенішінен шығарылған жұмысшылардың жалақысы сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ТШО" және өзге де мердігер мекемелердің қызметкерлерін Теңіз кен орнынан шығару жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
25.05.2020
-
Головкин – Альварес жекпе-жегінің қашан өтетіні айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен уақытын атады, деп жазады Prosports.kz.
25.05.2020
-
Алдағы екі күнге арналған ауа рай болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы екі күнде еліміздің аумағында ауа райы әр түрлі болады деп болжайды.
25.05.2020
-
Адамдарды маскасыз кіргізген сауда орындарына 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі брифинг барысында айтты.
25.05.2020
-
Зарема Шәукенова: Бұл заң билік пен қоғам арасындағы байланыс арнасын кеңейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу" туралы заңына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова өз пікірін білдірді.
25.05.2020
-
Талдықорғанда тепловоздарға арналған аккумуляторлар шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қорғасынды аккумуляторлар зауыты 1975 жылы іске қосылып, жеңіл, жүк автомобильдері мен ауыл шаруашылық техникаларына арналған аккумуляторлық батареялар шығара бастады.
25.05.2020
-
Алматыдағы блок-бекеттер әзір алынбайды – әкімдік
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалада карантин жағдайы сақталуда, соған байланысты бетперде кию режимі енгізіліп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында айтты.
25.05.2020
-
Сенаторлар заңнамалық түзетулерді талқылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтті. Онда биылғы 28 мамырға белгіленген Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.
25.05.2020
-
Қазақстанда 48 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде 48 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
25.05.2020
-
Теңіздегі жұмысшылардың 90%-ында вирустың симтомпсыз жағдайлары тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Теңізшевройл" ЖШС мемлекеттік және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
25.05.2020
Наверх