Жаңалықтар
-
-
Әлемде: АҚШ-Украина арсындағы келіссөз, Оңтүстік Африкадағы G20 саммиті, Бейруттағы ЦАХАЛ операциясы
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
24.11.2025
-
Түрмеге тыйым салынған заттарды енгізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды
Аршалы ауданындағы қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізуге бағытталған әрекет дер кезінде әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
Бразилияның экс-президенті электронды білезікті паяльникпен шешпек болды
Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару электронды бақылау білезігін шешуге әрекет жасағаны үшін үйқамақтан түрмеге ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bild-ке сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысында жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.11.2025
-
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды
2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізетін мектептерге арналған халықаралық PISA-2025 зерттеуі өтуде. Бұл туралы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
Маңғыстауда тұмау және ЖРВИ белгілері бар балалар сабаққа жіберілмейді
Маңғыстау облысындағы мектептер мен балабақшаларда тұмау мен ЖРВИ бойынша жағдай ушығуына байланысты санитарлық бақылау күшейтілді. Бұл туралы өңірлік білім басқармасының басшысы Клара Құлатаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 24 қарашада Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
2026 жылғы Олимпиада алауын жағу рәсімі археологиялық мұражайда өтеді
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі ауа райының қолайсыздығына байланысты ашық аспан астында емес, ежелгі Олимпиядағы археологиялық мұражайда өтеді. Бұл туралы Грекияның Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
Женевадағы келіссөздер: АҚШ пен Украина бейбіт жоспарды пысықтауға келісті
АҚШ әкімшілігі мен Украина делегациясы Женевада өткен келіссөздер барысында Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бейбіт жоспарды нақтылау және жетілдіру үшін консультацияларды жалғастыруға уағдаласты. Бұл туралы Ақ үй таратқан бірлескен мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
1700-ден астам ЖКО: Астанада полиция апатты аймақтарды бақылауды күшейтті
Астанада жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара аясында қалалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев көше-жол желісінің апатты учаскелерін аралап, инфрақұрылым жағдайын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24.11.2025
-
АҚШ Оңтүстік Африканы G20 саммитіндегі климат декларациясы үшін сынға алды
АҚШ билігі Оңтүстік Африканы G20 саммитінде төрағалық мәртебесін "ұйымның принциптерін бұзуға" пайдаланды деп сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Үнді магнаты Миттал Ұлыбританиядағы салық реформасына байланысты елден кетті
Үнді магнаты Лакшми Миттал Ұлыбритания үкіметі енгізген жаңа салық саясатына байланысты елден кетіп, Швейцарияның салық резиденті атанды. Бұл туралы The Times басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
Аустралиядағы тропикалық циклон мыңдаған тұрғынды жарықсыз қалдырды
Аустралияның Солтүстік территориясында тропикалық циклонның салдарынан мыңдаған тұрғын электр қуатынсыз қалды. Желдің екпіні сағатына 57 м/с-қа жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Иран АҚШ санкцияларының өз мүдделерін қорғауға кедергі болмайтынын мәлімдеді
Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багай АҚШ санкциялары Иранның ұлттық мүдделерін қорғауға деген шешіміне әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Украинадағы қақтығыс «жақын арада» аяқталуы мүмкін – АҚШ Мемлекеттік хатшысы
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығыстың келіссөздерде қол жеткізілген «елеулі прогресс» арқасында «жақын арада» аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Мерц Женевадағы Украина келіссөздерін "өте қиын" деп бағалады
Германия канцлері Фридрих Мерц Женевадағы Украина мәселесі бойынша келіссөздерді "өте қиын" деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
24.11.2025
-
Астанада халықаралық "Шабыт" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада "Шабыт" XXVIII халықаралық шығармашыл жастар конкурсының қорытындысы шығарылып, үздік қатысушылар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23.11.2025
-
Қазақстанда кедендік тексерулердің 81%-ында заңбұзушылықтар анықталды
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жүргізілген кедендік тексерулердің 81%-ында түрлі заңбұзушылықтар тіркелді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.11.2025
-
Қазақстандық жедел жәрдемге қатысты тараған видео – фейк
Әлеуметтік желілер мен бірқатар онлайн-платформаларда қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері науқасты көшеде қараусыз қалдырды деген мазмұндағы видео тарауда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.11.2025
-
Оралда екі қабатты ағаш үйден өрт шықты
Орал қаласындағы Самар көшесінде орналасқан екі қабатты ағаш тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.11.2025
Наверх