Жаңалықтар
-
-
Тайвань АҚШ-пен қарым-қатынастың әлсіреуінен қауіптеніп отыр – CNN
Тайвань Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімінде Вашингтонмен қарым-қатынастың әлсіреуінен қауіптеніп отыр. Бұл туралы CNN дереккөздеріне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың кездесуі жалғасуда
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөзі жабық есік жағдайында жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі басталды
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасындағы маңызды кездесу өтті. Көшбасшылар баспасөз өкілдерінің көзінше қол алысып, келіссөздерге кірісті, деп хабарлайды baq.kz.
30.10.2025
-
Украина шектеулерді жеңілдеткеннен кейін жастар елден жаппай кетіп жатыр – The Telegrapһ
Шығу ережелері жеңілдетілгеннен кейін небәрі екі ай ішінде 100 мыңға жуық жас украин елден кетіп қалған. Бұл туралы The Daily Telegraph Польша шекара қызметінің деректеріне сүйене отырып жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Скопьеде БҰҰ-ның Тұрақты энергетика жөніндегі халықаралық форумы өтуде
28-30 қазан аралығында Солтүстік Македония астанасында БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) қолдауымен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі XIV халықаралық форум (IFESD-14) өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу үшін Корея Республикасына барды
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу және ресми сапармен бару мақсатында Бейжіңнен Корея Республикасына аттанды. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Ұлытауда полицейлер өртенген үйден үш баланы құтқарып қалды
Көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққан кезде патрульдік полиция инспекторлары Әсет Абдуакитов пен Нұрболат Нұрғабыл оттың ортасынан үш баланы аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30.10.2025
-
Трамп: Оңтүстік Корея кедендік баждарды төмендету үшін 350 млрд доллар төлейді
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяның кедендік баждарды төмендету үшін АҚШ-қа 350 миллиард доллар төлеуге келіскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өз мәлімдемесін Truth Social платформасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
30.10.2025
-
Ердоған БҰҰ Бас хатшысына бейбітшілік сыйлығын табыстайтынын мәлімдеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерришті 2025 жылғы Ататүрік атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапаттауға ниетті екенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Haberler порталына сілтеме жасап.
30.10.2025
-
Литва мен Беларусь шекарасындағы екі өткізу бекеті бір айға жабылады
Литва үкіметі Беларусьпен шекарадағы Мядининкай және Шальчининкай өткізу пункттерін бір ай мерзімге жабу туралы шешім қабылдады. Бұл шектеулер 29 қазаннан 30 қарашаға дейін күшінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ LRT басылымына сілтеме жасап.
30.10.2025
-
Трамп 8 қарашада Виктор Орбанмен кездесуді жоспарлап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 қарашада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Солтүстік Корея теңіз үстінде жаңа қанатты зымырандарды сынақтан өткізді
Солтүстік Корея теңіз үстінде жаңа қанатты зымырандарды сынақтан өткізді. Бұл туралы КХДР мемлекеттік ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық екі дзюдошы алтын медаль иеленді
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Азиадасында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Абай облысында қуаттылығы жоғары ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр
Абай облысының Жаңасемей ауданында жылына 11 400 тонна ет және ет өнімдерін өңдейтін заманауи ет комбинатының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Тұман және өрт қаупі: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 30 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Елімізде Үндістанның ұлттық университетінің филиалы ашылады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Үндістанның Сот ғылымдары ұлттық университетінің (NFSU) филиалын Қазақстанда ашу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Қазақстан – АҚШ стратегиялық серіктестігі: жаңа жаһандық сын-қатерлер аясындағы өзара сенім мен даму жолы
Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Екі елдің стратегиялық серіктестігі энергетика, технология, цифрландыру және қауіпсіздік салаларында кеңейіп, өзара инвестициялық және саяси сенім нығаюда.
29.10.2025
-
Жетісу облысында полицейлер жолда өртеніп жатқан жүк көлігін аман сақтап қалды
Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері жылдам әрекет етуінің арқасында трассада өртене бастаған жүк көлігін толық жанудан сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Іле Алатауында қар барысы, сілеусін және аю фототұзаққа түсіп қалды
Іле Алатауы ұлттық саябағында сирек кадр түсірілді. Фотоқақпанға бір соқпақ бойында Қызыл кітапқа енгізілген үш жыртқыш – қар барысы, түркістан сілеусіні және тяньшань қоңыр аюы қатар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
АҚШ пен Қытай басшылары Пусанда кездеседі: басты тақырыптар мен күтілетін нәтижелер
Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында кездеседі. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.10.2025
Наверх