Әкімнің орынбасары мектеп директорларынан ҰБТ комиссиясы үшін ақша жинаған

4 Шілде 2019, 13:11
3936
Бөлісу:
Әкімнің орынбасары мектеп директорларынан ҰБТ комиссиясы үшін ақша жинаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин ҰБТ кезінде аудан әкімі орынбасараының Білім және ғылым министрлігінен өңірлерге жіберілген комиссия өкілімен "кездесу ұйымдастырамын" деп мектеп диреткорларынан ақша жинау фактісінің анықталғанын мәлімдеді.

Агенттік тұлғалардың мемлекет ішіндегі іссапарға барғанда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану мәселесі мен төменгі құрылымдарды тексеру мәселесін бақылауға алды. Бұған облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде түсетін шағымдары негіз болған. 

Биыл 20 маусымнан 30 маусымға дейін барлық өңірде ҰБТ өткізіліп, Агенттік өңірлерге Білім және ғылым министрлігінің 169 комиссиясының қызметіне оперативтік қолдау көрсеткен. Әрбір комиссияның құрамына 15 адам кірген. Оның ішінде мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, бағдарламашылар және т.б. бар.

"Осы жұмыстың нәтижесінде біз қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтадық. Мәселен, Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Қандыағаш қаласы №4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігінің комиссиясымен кездесулерін ұйымдастыру үшін (тұру, тамақтану, бос уақыт және т.б.) жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің директорларынан ақша жинау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жиналған ақшаның жалпы сомасы 540 мың теңгені құрады", - деп айтты ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің парамен ұсталғанын мәлімдеді.  
Өзгелердің жаңалығы