Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық қалыптасады

22 Маусым 2021, 11:54
5284
Бөлісу:
Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік саясат және қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Әсем Жайсаңбай «Қазақстанның экожүйесін қорғау» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Бүгінде Қазақстанда 31,9 млрд қалдық бар. Оның ішінде 125 млн тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар. Жыл сайын 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық қалыптасады. Ол Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Жаңаөзен қалаларындағы зауыттарда қайта өңделеді. ҚТҚ өңдеу үлесі былтыр 18,3 пайызды құрады. 2021 жылдың алғашқы тоқсанында 14,6 пайызды құрады, - деді Жайсаңбай.

Оның айтуынша, қалдықтар мен стихиялық қоқыстар көп.

Біз 2018 жылдан бастап қалдықтардың орналасуы бойынша ғарыш мониторингін жүргіземіз. Бұл мониторинг тиімді нәтиже беріп жатыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 14 қоқыс орны тазартылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 28 пайыз, былтырғы есептік кезеңде 8 824 қоқыс орны анықталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы қоқыстардың 80 пайызы жойылды, - деді ол.

Әсем Жайсаңбайдың айтуынша, осы күндері 3 290 қоқыс бар.

Оларды жою бойынша жұмыстарды мемлекеттік атқарушы органдар жүзеге асырып жатыр. Ғарыш мониторингіне биыл бірқатар қала қосылып, Қазақстанның 35 қаласында жүзеге асырылады, - деді ол.
Еске салсақ, БҰҰ ДБ сарапшысы Айман Омарбекова Қазақстан 2 млн гектар экожүйені қалпына келтіретінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы