Жыл басынан ел экономикасы 3,5%-ға өсті – Әсет Ерғалиев

10 Қараша 2021, 09:11
927
Бөлісу:
Жыл басынан ел экономикасы 3,5%-ға өсті – Әсет Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімеді.

Ұлттық экономика министрі ӘЭД 2021 жылғы қаңтар-қазан қорытындылары туралы баяндады.

Биыл қаңтар-қазан айларында еліміздің экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала берді. Экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы да байқалуда, – деді Ерғалиев.

Оның сөзінше, осы жылы қаңтар-қазан аралығында нақты сектордағы өсім 2,9% құрады.

Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс 12,9%-ға сауда 9,5%-ға, сумен жабдықтау 8,5%-ға, құрылыс 7,6%-ға, электрмен жабдықтау 6,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі 5,3%-ға жоғары өсім көрсетуде, – деді министр Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы