ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 25%-ға төмендеді – вице-министр

1 Қазан 2020, 17:39
1793
Бөлісу:
ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 25%-ға төмендеді – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Жыл сайын күзгі, қысқы кезеңде жоғары тыныс жолдарының жедел респираторлық вирусты инфекцияларының (ЖРВИ) көбеюі байқалады. Коронавирустық инфекция аясында эпидемиологиялық жағдай нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты министрлік аймақтармен біріге отырып, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалға қатысты күн сайын статистикалық деректер берілуде. Осы жылдың тамыз, қыркүйек айларында ЖРВИ-мен тіркелгендер саны өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға төмендеді, - деді ол.

Ажар Ғиният вирустық инфекцияларға қарсы күресті ұйымдастыру үшін бірқатар шара қабылданып жатқанын жеткізді.

Ең алдымен, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін ұйымдар дайындалуда. Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша 1955 мекеме, оның ішінде 577 емхана жұмыс істейді. Олардың ішінде 12 300 учаске бар. Емханаларда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауы үшін тиісті жағдай жасалуда. Яғни, әлеуметтік қашықтықты сақтау шарты мен белгілері бар лас және таза аймақтар арнайы бөлінген, медициналық қызметкерлер термометрлермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Науқастарға арналған санитарлық тазартқыштар орнатылған. Қызуы көтерілген науқастар, жүкті әйелдер, балалар үшін бөлек фильтр кабинеттері ұйымдастырылды. COVID-19-ға күдікті науқастар үшін де арнайы кабинеттер ашылды, - деді вице-министр.

Бұған дейін елде пандемияға байланысты қандай шектеулер қойылатыны анықталды.
Өзгелердің жаңалығы