Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта басталады

30 Шілде 2020, 16:52
2340
Бөлісу:
Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жалпы босанғандардың үштен екі бөлігінен астамына әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті есебінен 14,1 млрд теңге бөлінді.

Мәселен, бірінші жартыжылдықта босандыру ақысына 19 млрд 244 млн теңге төленді. Бұл соманың 70% астамы МӘМС пакетінің қаражаты, ал 26% тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) есебінен төленді.

Бірінші жартыжылдықта еліміздегі медициналық ұйымдарда ТМККК пен МӘМС аясында 185 мың әйел босанды, оның 34 мыңы ауыр жағдайда босанды. 

Медициналық ұйымдардағы босану құны босанудың ауырлығына және қосымша ауруларға байланысты 85-100 мың теңгеге дейін бағаланады. Жедел көмек көрсетілсе, тариф қосымша аурулардың ауырлығына байланысты 153-тен 230 мың теңгеге дейін жетеді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, босануы қиын болған аналарға жасалған операцияның ақысын да Қор төлейді, мұндай жағдайда бір науқастың емінің құны 579 мың теңге болады.

Дені сау туған нәрестеге арналған медициналық көмек босандыру шығыстарына кіреді.

Егер балаға қосымша медициналық көмек қажет болса, ол да тегін көрсетіледі. Өйткені 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан қорғалады және мемлекет жарнасын төлейтін 15 жеңілдік санатына кіреді.

Жеңілдік жасалған санаттарға жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған балаларды күтетін декреттік демалыстағы әйелдер кіреді.

1 тамыздан бастап Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта басталады. Бірінші кезекте КВИ-мен күрес жөніндегі іс-шараларға тартылмаған  стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларға жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар, карантин кезінде медициналық ұйымдардың бір бөлігі онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға, гемодиализдегі пациенттерге, сондай-ақ босанған әйелдерге шұғыл және жедел көмек көрсете отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастырды.

Медициналық сақтандыру қоры сақтандырылу мәртебесін анықтау, медициналық ұйымдардағы көмек көрсетуден бас тартқандарға қатысты сұрақтар туған жағдайда, пациенттер 1406 байланыс орталығына шағымданып, сондай-ақ Qoldau24\7 мобильді қосымшасында өтініш, ұсыныс қалдыра алады.

Өзгелердің жаңалығы