Бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

29 Мамыр 2019, 09:47
3395
Бөлісу:
Бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысынан хабар таратуға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 115 өкілі мен қазақстандық 160-тан астам журналист тіркелген.

Бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

Бүгін елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

Шараға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы ретінде Молдова Республикасының президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон қатыспақ.

Бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді

Жиында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелерін және одан әрі дамудың перспективаларын, соның ішінде цифрлық күн тәртібі мен Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қарастырады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының – Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай бірлескен мәлімдемесі қабылданады, сондай-ақ бірқатар халықаралық құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы