Бас жаңалықтар
Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады
27 Мамыр 2020, 09:30 98

Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалған немесе ұрланған автомобиль тіркеу нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады.

Қазақстандықтар "Электрондық үкімет" порталында "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" қызметін пайдалана отырып, жоғалған немесе ұрланған автомобиль тіркеу нөмірін қалпына келтіре алады.

Біз пайдаланушы мемлекеттік нөмір белгісін жоғалтқан немесе ұрланған жағдайда өтінімде көрсетілген арнайы ХҚКО - дан телнұсқаны "Электрондық үкімет" порталында жібергеннен кейін ғана ала алатындай процесті барынша жеңілдетуге тырыстық, - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті онлайн алу үшін eGov.kz Порталында авторизациядан өту қажет, "Көлік және коммуникация" → "Автомобиль көлігі" қосымша беті бойынша өтіп, қызметтер тізімінен "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің телнұсқасын беру" дегенді таңдау қажет, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту қажет.

Ашылған бетте барлық міндетті алаңдарды толтыру, қызметті төлеу, ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен қол қою қажет. Сұрау салу сәтті өңделген кезде Мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама және шығыс құжаты келеді.

Жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет қолжетімді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін баж құны бір нөмірлік белгі үшін 1,4 АЕК, екі мемлекеттік нөмір үшін 2,8 АЕК құрайды.

Бірнеше көлік құралы болған жағдайда қызметті бір рет пайдалануға болады. Басқа автокөлікке нөмірлік белгілердің телнұсқасын алу үшін қызмет иесі - ҚР Ішкі істер министрлігінің талаптарына сәйкес жаңа сұрау салу жіберу қажет.


Фото: дереккөз
Загрузка...